RU

Қысқы Олимпиада: Белдемшемен ортаға шыққан ер адам жұлдыз болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қысқы Олимпиада ойындарында алқызыл белдемшемен ортаға шыққан ер адам хитке айналды. Конькишілердің финалдық ойынынан соң ортаға шыққан ер адам Пхенчханда өткен қысқы ойындар тарихында мәңгі қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Олимпиада-2018. Фото: Спорт-Экспресс

Олимпиада-2018. Фото: Спорт-Экспресс

Оқиға 23 ақпан күні конькишілердің 1000 метр қашықтыққа жүгіруден қорытынды кешінде орын алған. Ортаға жартылай жалаңаш, тек алқызыл белдемшемен шыққан ер адам елді елең еткізді.

Ол үстіне «Peace+Love» сөзін жазып алған. Алайда оны мұз үстінен жылдам алып кетті.

Айта кететіні, ер адам бастапқыда көрермендер қатарында отырған. Тек конькишілер өз өнерін көрсетіп болған соң ғана, ортаға шықты.

Видеодан оның бірнеше рет шалынып, үстіндегі киімдерін ортаға жеткенше шешкенін байқауға болады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қысқы Олимпиада: Белдемшемен ортаға шыққан ер адам жұлдыз болды (видео)
Mailfire view pixel