Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың әкесі: Құдай маған екі келінімді де балаларымнан артық етіп берген

Опубликовано:

Қос келінін қызындай көретінін үнемі айтып отыратын Қайрат Нұртастың әкесі елді қайран қалдырды. Ол Жұлдыз бен Әйгерімін ұлдарынан артық көретінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұртас Айдарбеков. Фото: Instagram
Нұртас Айдарбеков. Фото: Instagram: UGC

Нұртас Айдарбеков өзгенің аялап өсірген қызы өзге шаңыраққа түскенде оңай сіңісіп кетпейтінін де сөз етті. Ол бұл жайында Instagram парақшасында хабарлады.

«Біреудің үлпілдетіп 20 жыл баққан перзенті, біздің отбасымызға келіп, сіңісіп кеткеніне Аллаға мың да бір шүкір! Кеше ғана Астанадағы үйден шығып Алматыға келіп едім, дереу сағынып отырғаным. Құдай маған екі келінімді де өзімнің балаларымнан артық етіп бергенін қарашы. Қыз, ата-анаға жақын, мейірімді болады екен. Енді үшінші келінім осылардай болса, Төлеген сенде арман жоқ дегендей болар еді», - деп жазды әншінің әкесі.

Ал оқырмандар болса, келінді өз қызындай көру көптің қолынан келмейтін қасиет екенін айтты. «Дұрыс ата-енеге байланысты бәрі де», «Келінді алғашқы күннен жақсы қабылдаған дұрыс», «Көз тимесін» деп жазды Нұртас Айдарбековтың оқырмандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1718780-kajrat-nrtasty-kesi-kdaj-magan-eki-kelinimdi-de-balalarymnan-artyk-etip-bergen/

pixel