RU
Атырау әкімінің орынбасары МС Сайлаубек пен Баян Мақсатқызына қарсы шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Атырау әкімінің орынбасары МС Сайлаубек пен Баян Мақсатқызына қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана МС Сайлаубектің өмірі мен танымалдылығы жайлы тест сұрақтары арасында жүргені айтылған болатын. Алайда Атырау әкімінің орынбасары Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу үшін тапсырылатын тест сұрақтары арасында мұндай ақпараттың жоқтығын мәлімдеді деп хабарлайды өңірлік БАҚ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы мен МС Сайлаубек. Фото: NUR.KZ

Баян Мақсатқызы мен МС Сайлаубек. Фото: NUR.KZ

«Әлеуметтік желідегі айтып отырған мәселені оқып, Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне өзім барып, сұрақтармен таныстым. Түгелдей оқып шықтым. Мұндай сұрақ жоқ. Сонымен қатар, Баян Мақсатқызы жайлы да айтылған жәйтті анықтадық. Ондай сұрақтар берілмеген. Кітапшалар да түгел тексерілді. Тест сұрақтарын министрліктегі арнайы орталық мамандары дайындайды. Мұндай сорақылыққа жол берілмейді», - деді Нұрсәуле Сайлауова.

Сондай-ақ әкімнің орынбасары мұны елге таратып отырғандар білім саласына жала жапқысы келетіндер екенін жеткізді.

«Мұны әлеуметтік желіге салып отырғандар – білім саласына жала жапқысы келетіндер. Сондықтан, сақ болған жөн»,- деді ол.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын МС Сайлаубектің тест кітапшасында жүргені жайлы айтылған болатын. Сондай-ақ түсініксіз рэп айтатын Сайлаубекті қазақ тілі оқулығына енгізген автор халыққа өкпелегенін де хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз
10
3
4
1
2
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel