Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы танымал "желі ханшайымдары" кімдер? (фото)

Опубликовано:

Бүгінде әлеуметтік желі арқылы танымалдылыққа ие болған арулар көп. Ерекше сұлу көркі мен мінсіз дене бітімін Instagram желісіне жариялап, «Желі ханшайымы» атанған қазақстандық арулар тізімін NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

Мадина Мамадалиева – жасы 19-да, тұрмыс құрмаған, Алматы тұрғыны. Бүгінде модель ретінде жұмыс жасайтын Мадина соңғы уақытта вайндарға түсіп өзін актриса ретінде де көрсетіп жүр.

Карина Оксукпаева – 21 жастағы танымал блогер, Алматы қаласының тумасы. Қазіргі таңда жеке бизнесіпен айналысатын Карина, бір ұлдың анасы.

Дегенмен, Карина желідегі танымалдылығын жоғалтқан емес. Жақында ғана төсіне пластикалық ота жасатқаны туралы ашық айтқан ару, оқырмандарына отбасылық өмірі туралы да жасырмай баяндай береді.

Камила Асилова – «Мисс Алматы-2016» байқауының жеңімпазы, жасы 19-да. Бойының ерекше ұзындығымен көзге түсетін ол, қазір модель ретінде жұмыс жасап жүр.

Бала кезінен бимен айналысатын Камила болашақта би студиясын ашуды армандайды.

Айым Сейітметова – 20 жастағы бойжеткен елімізге танымал актриса Данагүл Темірсұлтанова мен актер Азат Сейтметовтың қызы.

Айым бүгінде отандық арналарда актриса ретінде көрініп жүр. Сонымен қатар, әсіресе желіде жақсы дамыған вайндарға түседі.

Айгерім Абдуллаева – жеке суреттері арқылы желіде оқырман жинаған Айгерім, көптеген танымал жұлдыздармен байланыс жасайды.

Көзіне жасаған блефорапластика туралы оқырмандарымен бөліскен ол, ерекше киіну стилімен көзге түседі.

Балнұр Қуатова – Қайрат Нұртастың бейнебаянына түсіп, танымал болған бойжеткен биыл тұрмысқа шықты. Дегенмен, ару желіде суреттерімен жиі бөлісіп, оқырмандарын ұмыт қалдырған емес.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1718802-kazakstandagy-tanymal-zeli-hansajymdary-kimder-foto/

pixel