RU
Жүгіруден алдына жан салмаған әйгілі желаяқ футболмен айналыспақшы
Жаңалықтар Әлемде

Жүгіруден алдына жан салмаған әйгілі желаяқ футболмен айналыспақшы

Рассказать Вконтакте

Ямайкалық желаяқ, Олимпиаданың 8 дүркін чемпионы және әлемнің 11 дүркін чемпионы атанған Усэйн Болт футбол командасымен келісімшартқа отырғаны туралы мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жүгіруден алдына жан салмаған әйгілі желаяқ футболмен айналыспақшы

Жүгіруден алдына жан салмаған әйгілі желаяқ футболмен айналыспақшы

Ол былтыр Лондонда жеңіл атлетикадан өткен әлем чемпионатынан кейін спорттық карьерасын аяқтайтынын хабарлаған еді. Әлемдегі нөмірі бірінші желаяқ осыған дейін футболшы болғысы келетінін, «Манчестер Юнайтед» сапында доп тепкісі келетінін де айтқан.

Қаңтар соңында 31 жастағы Болттың ОАР елінің «Мамелоди Сандауз» клубында жаттығып жүргені мәлім болды. Ол «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» арасындағы жолдастық кездесуде алаңға шығуды жоспарлағанын, кейін жарақатына байланысты ойнай алмағанын мәлімдеді.

Дегенмен Усэйн Болттың футболшы атанатын күні алыс емес.

«Футбол командасымен келісімшартқа қол қойдым! Қандай команда екенін сейсенбі күні білетін боласыздар», - деп жазды атлет Тwitter-дегі парақшасында.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel