RU
Павлодарда жұмыссыз жігіт ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өз үйінде өлтірген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда жұмыссыз жігіт ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өз үйінде өлтірген

Рассказать Вконтакте

Баянауыл ауданы Майқайың ауылында ер адам ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтіріп кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жұмыссыз жүрген павлодарлық жігіт ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді

Жұмыссыз жүрген павлодарлық жігіт ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді

Полиция ведомствосының мәліметінше, 17 ақпанда таңертең Майқайың ауылының тұрғыны 76 жастағы ер адам мен оның 78 жастағы әйелінің денесін тауып алған. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгісі болыпты.

Тергеу барысында қылмыстың бірнеше нұсқасы қаралған. Айғақтарды табу үшін тергеушілер қылмыс болған жерді түгелдей қарап, тексеріп шығады.

Жедел іздеу шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталған. Майқайың ауылының 27 жастағы тұрғыны қаза тапқандармен бір көшеде тұрады екен.

Жұмыссыз жігіт зейнеткерлердің қаражаты бар деп ойлап, үйлеріне барады. Табалдырықтан аттаған бойда үй иесі мен оның әйеліне бірнеше мәрте пышақ салған. Үйден ақша мен бағалы заттар таппай, банк карточкаларын алып кетіп қалыпты.

Полиция қылмыс қаруы – пышақты тапқан. Тиісті сараптама тағайындалып, қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
3
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel