RU
Нұрлан Қоянбаев кеткен соң "Түнгі студияны" кім жүргізетіні анықталды (видео)

Нұрлан Қоянбаев кеткен соң "Түнгі студияны" кім жүргізетіні анықталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» бағдарламасынан кеткенін хабарлаған болатын. Алдағы уақытта бағдарлама тізгінін кім ұстайтынын «Қазақстан» арнасы ресми түрде мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Әділгерей. Фото: Instagram

Қайрат Әділгерей. Фото: Instagram

«Түнгі студияны» алдағы уақытта Қайрат Әділгерей тізгіндейтін болады. Бұл жайында «Түнгі студия» бағдарламасын Нұрлан Қоянбаевтың орнына Қайрат Әділгерей жүргізеді», - деп арна басшысы Ерлан Қарин айтты.

«Әр нәрсенің өз дәуірі, өз уақыты, өз сәті болады. Ештеңе де мәңгі емес!

Түнгі студия - менің Өмірімде өзіндік орны бар, өзіндік ерешелігімен есте қалған жоба болды. Тек мен үшін емес жобада қызмет атқарған бір топ мықты қызметкерлердің де шағын шаңырағы, шайқалмас шаттығына айналды. Еліміздің ең танымал тұлғаларынан бастап, әлемді аузына қаратқан шетел жұлдыздары да біздің жайлы диванға жайғасты. Рой Джонс, Бурак Озчевит, Сидxард Шукла т.б әлемге танымал жұлдыздар ерекше оқиғаларымен қазақ көрерменімен табысты. Батырxан Шүкенов ағамызбен де осы студияда әсерлі әңгіме айтып жүздескенбіз. Бұл эйфориямен жүргенде Елбасымыздың өзі біздің студияға қадам басып, батасын берген болатын! Осылайша, Түнгі студия - Қазақ телевидения тариxында Елбасының өзі қатысқан бірінші бағдарлама болып қалатыны аксиома! Қош бол, "Түнгі студия"!» - деп жазған болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
5
1
4
8
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel