RU
Жерге соққысы жойқын алып астероид жақындап келеді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жерге соққысы жойқын алып астероид жақындап келеді

Рассказать Вконтакте

Астрофизиктер Жерге алып астероид жақындап келетінін айтып дабыл қақты. Олардың болжамынша, аспан денесінің Жер шарына жақындауы, шамамен, наурыз айнының 6-сынан 7-не қараған түні болмақ деп хабарлайды "Сегодня" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pixabay

Фото: pixabay

Халықаралық астрономдар қауымдастығының мәлімдеуінше, Жер шарына «VR12 2017» атауын алған аса көлемді астероид жақындап келеді. Оның жойқын соққысы, біздің ғаламшарымызда нағыз «ғарыштық Апокалипсис» тудыра алады, дейді ғалымдар.

Алайда, алаңдауға еш негіз жоқ. Қауымдастықтың болжамы бойынша, өлшемі 250-280км болатын аспан денесі, Жер шарымен жанаспай өтуі тиіс. Бастысы – ұшу траекториясы өзгермесе болғаны. Астероидтің жылдамдығы, шамамен 6,3 км/с(14 000 миль/сағ), ал Жерден арақашықтығы 1,445,000 километрді(900,000 миль) құрайды.

Көптеген мамандар, «астрономдар бекерге дүрбелең қағып жатыр» деген пікір білдіруде. Олардың ойынша, соңғы кездері ғалымдар пессимисттік болжамдарды жаудыруды әдетке айналдырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
7
0
3
10
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір