RU
Шымкентте мектеп терезесінен секірген оқушы қыз ажалдан аман қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте мектеп терезесінен секірген оқушы қыз ажалдан аман қалды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі №18 мектептің 9 сынып оқушысы екінші аусым сабағының ортасында терезеден секіріп кеткен депе хабарлайды NUR.KZ.

Шымкенттік оқушы сабақ кезінде терезеден секіріп кеткен

Шымкенттік оқушы сабақ кезінде терезеден секіріп кеткен

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, 20 ақпан күні оқушы қомақты қаржыны жоғалтып алғанын аңғарады. Соның салдарынан, қатты күйзеліске түскен қыз 2 қабаттағы терезеден секіруге бел буған.

Бойжеткенді райынан қайтару мақсатында, мектеп психологы мен мұғалімдер, 20 минут бойы оны сабырлыққа шақыруға тырысқан. Тіпті, оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем де тартылған. Алайда барлық жұмылдырылған әрекеттерге қарамастан, оқушы қыз терезеден секіріп кеткен.

Абырой болғанда, Аскар Усенов атты мектеп қызметкері бойжеткенді терез астында қағып алды. Бұл ерлігі үшін барлық мектеп ұжымы оған өз алғысын білдірді дейді мектеп директоры Гүлназ Омарова.

Бойжеткенге оқиға орнында дереу медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі жағдайы қалыпты, дәрігерлер мен психологтардың жіті бақылауында.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір