RU
Ақтөбеде өзбек азаматтары мінген тағы бір автобус аударылып қалды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде өзбек азаматтары мінген тағы бір автобус аударылып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде тағы бір өзбекстандық азаматтар мінген автобус аударылып, жеті адам жараланды. Автобус ішінде 25 жолаушы болған деп хабарлайды «Азаттыққа» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде автобус. Фото: Азаттық

Ақтөбеде автобус. Фото: Азаттық

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Жазық ауылы тұсында аударылған көлікте 25 жолаушы болған. Оқиға салдарынан өзбекстандық жеті азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен.

Көлікте, Оңтүстік Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғыны рөлге ие бола алмай, автобус жыраға түсіп кетіп, аударылған.

Хромтау аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Людмила Волненконың айтуынша, бастапқыда тоғыз адам көмекке зәру болған.

«Жол апатынан соң ауруханаға тоғыз адам, оның ішінде үш әйел жеткізілді. Зардап шеккендер негізінен жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендердің ең кішісі 1997 жылы, ең үлкені 1961 жылы туған. Миы шайқалды делінген бір әйел ауруханаға жатудан бас тартқан. Тиісті ем-дом жасалған соң олар Өзбекстанға кері қайтып кетті», - дейді дәрігер.

Айта кетейік, жол апаты бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі («көлік құралын басқаратын адамның жол ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
2
4
10
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір