RU
Мешітке келушілерді балағаттаған шенеунік масқара болды
Жаңалықтар Әлемде

Мешітке келушілерді балағаттаған шенеунік масқара болды

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның президент жанындағы мемлекеттік қызмет агенттігі Рудаки ауданындағы Чоряккорон ауылындағы мешітке келушілерді балағаттаған шенеунік Шокир Холдоровты жұмыстан шығаруы мүмкін деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото:anews.com

Көрнекі фото:anews.com

Рудаки ауданының әкімдігі Холдоровты жұмыстан шығару туралы ұсынысын жіберген.

Өткен жылы қазан айында Интернетте мешіт ауласына жиналғандарды Холдоровтың балағаттағаны көрсетілген видео тарады. Шенеунік былапыт сөздер қолданған.

Ауыл тұрғындары қоғамдық орында былапыт сөздер айтқаны үшін шағымданатынын ескерткен.

"Арыздана беріңдер! Мен сендердің барлықтарыңды салафит деп жариялаймын", - деп жауап берген Шокир Холдоров.

Шенеунік бұл сөздері үшін кешірім сұрағанын айтқан. Сол кезде оған 500 сомони (55 доллар) айыппұл салынған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel