RU
18 жастағы отандық гимнастың жарыс кезінде қолы үш жерден сынып кетті (видео 18+)
Жаңалықтар Қоғам

18 жастағы отандық гимнастың жарыс кезінде қолы үш жерден сынып кетті (видео 18+)

Рассказать Вконтакте

18 жастағы қазақстандық гимнастшы Милад Карими Австралияның Мельбурн қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде ауыр жарақат алды деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жарақат алған гимнаст Карими

Жарақат алған гимнаст Карими
Source: UGC

Карими Instagram желісіндегі парақшасында жарақат алған сәтінде түсірілген видеоны жариялап, былай деп жазды:

"Дауысымен көріңіз! Мынау менің жағымнан шығып жатқан дауыс емес, қолымның сынған сәтіндегі дыбыс. Мені қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Бүгін ота жасады, сүйектерді жинап, қайта қалпына келтірді", - дейді ол.

Тағы бір постында ол өзі үшін осы маусымның аяқталғанын айтты.

"Үшжүзінші. Қолдағандарыңыз үшін рақмет! Маусымда аяқталды. Үш жерден сынды, бір жерім жарылған", - деп жазды Карими.

Айта кетейік, 2017 жылы Карими тұңғыш рет Қазақстан тарихында әлем кубогында спорттық гимнастикадан "күміс" медаль иеленген еді. Сондай-ақ ол Монреалдағы (Канада) жарысқа жолдама алып, тоғызыншы орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
7
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel