RU
Астанада сау-тамтығы қалмай жанып кеткен үйде Құран кітабы ғана аман қалған (фото, видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада сау-тамтығы қалмай жанып кеткен үйде Құран кітабы ғана аман қалған (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Елордада сау-тамтығы қалмай, күл болып жанып кеткен үйде тек Құран кітабы ғана аман қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com - Айгұль Бердібаева

Фото: facebook.com - Айгұль Бердібаева

Астанада бүтіндей бір отбасының үйі күл болып жанып кетіп, үй қожайындары тілсіз жаудан әрең дегенде аман қалған. Үй иелерінің айтуынша, баспананың отқа оранғанын білген олар, іле-шала сыртқа атып шыққан.

«Ақпанның 3-і күні менің үйім тұтастай жанып кетті, шамамен түнгі сағат үштердің шамасында үстімізде не бар, сол киіммен, тіпті, жалаң аяқ күйімізде далаға атып шықтық. Үйдегі дүние-мүліктің барлығы жанып кетті, тоңазытқыш та, мұздатқыш та. Жанбаған тек бір-ақ нәрсе – қасиетті Құран кітабы. Содан-ақ, Алланың барын, оның үнемі жанымызда екенін білуге болады. Көмек қолын созған барша жандарға алғысымыз шексіз»,-дейді астаналық тұрғын.

Екі қабатты үй Ильинка елдімекенінде орналасқан. Зәулім үйдің екінші қабаты толығымен жанып кетіп, бірінші қабатында отқа оранған тұрмыстық заттардың тек қаңқасы ғана қалған.

«Көргендеріңіздей Үркер ауданындағы Ильинка елдімекенінде болған оқиға. Бірақ, Алланың қалауымен, тек Құран кітабы ғана аман қалған. Барлық құжаттар мен тұрмыстық техниканың да түгі қалмаған. Тек қасиетті кітап қана дін аман", - дейді оқиға куәгерлері.

Астаналықтар, баспанасыз қалған жанұяға көмек көрсету мақсатында, оларға қаржы жинап бермек.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
4
1
21
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір