RU
Шымкентте 43 жастағы ер азамат сүйіктісі мен оның қызын пышақтап тастады (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте 43 жастағы ер азамат сүйіктісі мен оның қызын пышақтап тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 43 жастағы ер азамат сүйіктісі мен оның қызын пышақтап тастады. Сұмдық жағдай ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Шымкент қаласы, Қайнарбұлақ саяжайындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Марина Никошева

Марина Никошева
Source: UGC

Осы күні ер кісі масаң күйде сүйіктісінің үйіне қыдырып келеді. Шайтан суға тойып алған азамат сүйіктісі мен оның екі қызын балағаттап, қоқан-лоқы көрсетіпті.

Мұнымен қоймай, екі баланың анасын тепкінің астына алады. Осы кезде бойжеткендердің бірі анасын қорғамақ болған. Ал ер адам анасына араша болған қызына пышақ сұғып алады. Кейін сүйіктісін қуалап жүріп пышақтайды.

"Үнемі ішіп алып бізге қоқан-лоқы көрсетеді. Анама қанша айттым. Бізді тыңдамайды. Сол сүйіктісін іздейді де тұрады. Міне, ақыры бізді пышақтап кетті. Ол сол күні ешкімді аямады. Мені және анамды қуалап жүріп пышақтады. Қазір ауруханада қиналып жатырмын. Ал қылмыскерді полицейлер босатып жіберіпті. Оның қолынан барлығы келеді. Үйімізді өртеп, бізді өлтіріп кете ме деп қорқамын", - дейді анасының сүйіктісінен зәбір көрген Марина Никошева.

Анасы мен туған қызын пышақтаған азаматты полицейлер бостандыққа жіберіпті. Мұны Қаратау аудандық ІІБ қызметкерлері растады.

Тергеу жұмыстары аяқталған соң күдікті қайтарылған. Марина Никошеваның сөзінше, анасының сүйіктісі жасаған ісіне қарамастан отбасына қоқан лоқы көрсетіп жүр.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel