RU
40 сағат артығымен жұмыс істейтін алматылық мұғалім жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

40 сағат артығымен жұмыс істейтін алматылық мұғалім жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының №68 мектеп-гимназиясындағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Наталья Дрейт Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде мұғалімдердің артығымен жұмыс істейтіні туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтем жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: news.rufox.ru

Көрнекі фото: news.rufox.ru

"Параграфтар, 40 минуттық сабақтардың қалай өткені, «Күнделік» атты электронды журналын толтыру, дәптерлер пен күнделіктерді тексеру, ата-анамен жұмыс, сыныптан тыс жұмыстар, есептер, педагогикалық жиындар, семинарлар, сабаққа күн сайын дайындалу сияқты жұмыстың бәрін апталық кестеге жинақтадық. Дене шынықтыру мұғалімі ретінде ең көп жүктемем – 39 сағат еді, алайда аптасына жұмсайтын уақытымды есептегенде 83 сағат болды. Сонда 39 сағатты алып тастағанда мен 42 сағат артық жұмыс істеймін. Бұл сағаттар үшін маған мемлекет ақы төлемейді", - деді мұғалім Наталья Дрейт.

Бұдан бөлек дене шынықтыру мұғалімдері барлық жарысқа, спартакиадаларға қатысып, балаларды дайындайды және оларды жарыстарға апарады. Бұл үшін де оларға ақы төленбейді.

"Бұдан мұғалімдердің физикалық және психологиялық тұрғыда артығымен жұмыс істеп жатқанын көреміз. Осы орайда мұғалімдердің жалақысын ғана емес, олардың зейнет жасын ұзарту мәселесін де қарастыруымыз керек. КСРО кезінде 25 жылдық педагогикалық өтілі бар мұғалімдер өз қалауы бойынша зейнетке шыға алатын", - деді ол.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
2
2
20
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір