RU
Қарағандыда бір жасар сәби көз жұмған емхана дәрігерінің тағы бір өлімге қатысы бар болуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда бір жасар сәби көз жұмған емхана дәрігерінің тағы бір өлімге қатысы бар болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда 1 жарым жастағы бала көз жұмған тіс емханасына қатысты жаңа деректер шықты. Бұдан 2 жыл бұрын емхана дәрігерінің наркозынан кейін 13 жастағы жеткіншек көз жұмған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қарағандыда бір жасар сәби көз жұмған тіс емханасына қатысты жаңа деректер шықты

Қарағандыда бір жасар сәби көз жұмған тіс емханасына қатысты жаңа деректер шықты

Тісін емдетуге ата-анасы клиникаға әкелген ол наркоздан кейін есін жинай алмаған.

Семен Арзамацевтің ата-анасы Қарағанды облысында келісім-шартпен қызмет етіп жүрген Ресей қарулы күштерінің әскерилері екен.

Яғни олар көрші елдің азаматтары. Жеке клиникаға тісін жұлдыруға әкелген сәбидің санаулы уақытта-ақ демі үзіліп кеткен. Айтуларынша анастезиолог балада дәріге аллергияның бар-жоғын анықтамай наркоз салған.

Бір қызығы, 2 жыл бұрын дәл осы анастезилогтың наркозынан кейін 13 жастағы жеткіншек көз жұмған. Ол бойынша қозғалған іс әлі сотқа жетпегендіктен, дәрігер әлі өз қызметінде жүр екен.

"Ол іс бойныша тергеу бітпегендіктен оның сертификаты алынбаған. Оны тек тергеу және сот орындары шешеді. Ал мына іс бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Кешенді тексеріс жүргізіп, қорытындысын тергеу орындарына жолдаймыз", - дейді Қарағанды облыстық қоғам денсаулығын қорғау депатраменті басшысының орынбасары Ольга Смирнова.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
8
5
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel