RU

Әйгілі үнді актрисасының неден қайтыс болғаны белгілі болды

Үндістанның әйгілі актрисасы Шридевидің шын мәнінде неден қайтыс болғаны белгілі болды. Алдын ала деректер бойынша ол ваннадағы суға батып өлген болуы мүмкін деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Әлі де тергеу жүріп жатыр. Болған жайтты нақты анықтау керек. Сот-медициналық сараптамадан оны суға батып қайтыс болғанын көруге болады", - дейді сенімді дереккөз.

Оның қан құрамынан алкоголь табылғаны туралы да айтылған.

Еске салсақ, үндінің әйгілі киноактрисасы Шридеви 54 жасында Дубай қаласында қайтыс болған. Бастапқыда ол жүрек талмасы салдарынан көз жұмған деген ақпарат тараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718952-jgili-ndi-aktrisasyny-neden-kajtys-bolgany-belgili-boldy.html