RU
Америка ғалымдары: Жуырда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін
Жаңалықтар Әлемде

Америка ғалымдары: Жуырда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Колорадо университетінің ғалымдары жуық арада әлемде үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Америка ғалымдары: Көп ұзамай үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін

Америка ғалымдары: Көп ұзамай үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін

Ғалымдардың айтуынша, олар бұл деректерді тарихқа сүйене отырып болжаған. Себебі, 1823 пен 2003 жылдар аралығында бірнеше мемлекет арасындағы кикілжің шиеленісе түскен.

181 жыл ішінде 95 ірі көлемдегі кикілжің орын алып, ең қауіпті дүниежүзілік соғыстар салдарынан 110 млн адам қайтыс болған. Міне, осы деректердің барлығы дүниежүзілік соғыстың басталуын болжауға негіз бола алады, дейді олар.

Сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс болғанына 43 жыл толған. Ал зерттеушілердің айтуынша, қазіргі дүниежүзілік қақтығыстардың орын алу жиілігі 12,8 жылға тең.

Ірі халықаралық кикілжіңнен қашып құтылу мүмкін емес деген ғалымдар оның нақты қашан болатынын және одан қанша адам зардап шегетінін айта алмайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
16
3
4
4
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір