RU
Отандық полиция Қытайдан келген қандастарды елден қуып жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Отандық полиция Қытайдан келген қандастарды елден қуып жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан полициясы елге оралған қандастарымызды Қытайға қайта жібермекші. Олар тіркеуінің уақыты біткен оралманның жарты жыл бойы төсек тартып жатқанына қарамастан, оны елден кетірмек деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отандық полиция Қытайдан келген қандастарды елден қуып жатыр (фото)

Кадр 31 арнадан алынды

2 жыл бұрын Қытайдан көшіп келген отбасының тіркелуіне талап етілетін «сотталмағаны» туралы анықтама бөгет болған.

Сабырғали ағаның 7 айдан бері төсек тартып жатып қалған. Виза уақыты бітіп жатқан соң күннің борандығына қарамастан жолға шыққан ол көлігі бұзылып, жаяу бармақ болыпты. Міне, салдарынан осындай күйге түскен. Ол бір жарым жыл бойы "сотталмаған" деген құжат ала алмай, бәйек болғанын айтады.

"Өзіміздің жергілікті ауылдық, аудан, аймақ - осы 3 жерден әкелдік. Бізде Қытайда 1 жапырақ қағазды барлық жерден іздемейді ғой. Қыстақтыкі болса да мойындайды. Заңның таңбалы қағазы болса - бітті. Ал мына жерде әкеп жатсаң керек қылмайды", - дейді Сабырғали Сұлтаншәріп.
"Маған облыстың берген нұсқауы сондай. Шыңжаң, Үрімші. Менде жазылған. Сол 3 жерден ғана қабылдау керек деген", - дейді Ақмола облысы Ерейментау ауданы ІІБ көші-қон қызметінің аға инспекторы Зұлпықар Жұмаділов.

Сұлтаншәріптің отбасы әрең дегенде Үрімшіден де анықтама алдыртыпты. Алайда, онысы да жарамсыз болып қалған. Президенттің тапсырмасымен талап өзгеріп, енді «сотталмады» деген қағаз керек болмай шығыпты. Алайда, Сабырғали аға мен жұбайына бұл жеңілдік көмектеспейді. Өйткені, екеуіне тіркелу ережесін бұзғаны үшін соттың шешімімен Қытайға барып, 1 жылдан кейін қайта оралу міндеттелгенін айтады.

Облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері де «олар - заңды бұзды, сот шешімін орындауы керек» деп отыр. Министрлік өкілдері «соттың шешімін аппеляция арқылы қайта қаратуға болады» дейді. Айыптарынан ақталса ғана басқа жолмен шешуге мүмкіндік тумақ.

Ал, сай-сүйегі сырқыраған күйеуін Қытайға қалай апаратынын ойлаған Тарахан апаның жылағаннан басқа амалы жоқ.

"Арманымыз сол - шал жазылса, содан кейін осының азаматтығына өтсек деп отырмыз ғой. Басқа не арман болады? Қолымызда құжат болмаған соң дұрыс доғдырға да көрсете алғамыз жоқ", - дейді Тарахан Сағатбекқызы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
32
2
1
16
1
1
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel