RU
Қазақ боксшылары науқас баланы қолдау үшін былғары қолғаптарын сатып жіберді (фото)
Жаңалықтар Спорт

Қазақ боксшылары науқас баланы қолдау үшін былғары қолғаптарын сатып жіберді (фото)

Рассказать Вконтакте

«Astana Arlans» боксшылары былғары қолғап саудасынан түскен 1,4 миллион теңгеден астам қаржыны «көбелек синдромы» дертімен ауыратын Артур Грищуктің анасына табыс етті деп хабарлайды «inform.kz» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Астана Арланс". Фото: inform.kz

"Астана Арланс". Фото: inform.kz

Өткен демалыс күндері Щучье қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымы аясында «Astana Arlans» пен «Patriot Boxing Team» бокс клубтарының боксшылары жекпе-жек өткізді.

Кездесу аяқталған соң «Astana Arlans» клубының боксшылары былғары қолғаптарын сату бойынша аукцион өткізді. Одан түскен 1,4 миллион теңгеден астам қаржыны «көбелек синдромы» дертімен ауыратын баланың анасына Ольга Грищукке табыс етілді.

Ата кетейік, сирек кездесетін бұл дерт Артурдың толыққанды өсіп, дамуына кедергі келтіруде. Ыстығының жиі көтерілуі, денесінің мұздап, әлсіреуінің салдарынан бала тіпті далаға да шыға алмайды.

«Баламды бәрі жақсы болады, шыда деп жұбатамын. Денесіндегі терінің 60-70 пайызы зақымданған. Күніне әр екі сағат сайын денесін дәкемен таңып отыру қажет. Күннен-күнге дерті ушығып барады. Қайтсек те, жазылып кететініне сенеміз. Бәрі жақсы болады, оған біздің еркіміз бен қуатымыз жетеді», - дейді Ольга Грищук.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel