RU
Әншілерді негізсіз сынаған Ерболат Құдайбергенді әріптестері жазаламақ болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әншілерді негізсіз сынаған Ерболат Құдайбергенді әріптестері жазаламақ болды

Рассказать Вконтакте

«Жігіттер» тобын фонограмманың жетегінде кеткенін айтып, аталмыш ұжымның сахнадағы болмысына сын айтқан Ерболат Құдайбергеннің кереғар пікірі Бағлан Әбдірайымовтың да құлағына жеткен. NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатта төрттіктің әншісі әріптесіне жауабын берді.

Ерболат Құдайбергеннің желіні шулатқан сынына танымал әншілер жауап берді

Ерболат Құдайбергеннің желіні шулатқан сынына танымал әншілер жауап берді

«Биді өздері қатыра берсін. Керек кезінде биледік қой. Бізден расында да биші шықпайды. Әндеріміздің барлығы лирикаға жақын болғаннан кейін, «тұштаңдап» билеген бізге жараспайды. Ерболаттың «Жігіттер» жайлы айтудағы ішкі ойы мен түпкі ниетін білмеймін. Мүмкін оның көзқарасы бойынша біз солай шығармыз. Бірақ дегенмен де олай айтуға болмайды», - дейді Бағлан Әбдірайымов.

Бағланның сөзіне сенсек, осыдан бірнеше жыл бұрын Ерболат «Жігіттердің» квартетінің шығармашылығына оң бағасын беріп, тіпті бірлесіп жұмыс жасауға ұсыныс тастаған.

«Кезінде біз «Айқаракөз» деген әнді жарыққа шығарған кезде, біздің әннің өңдеуіне, «Жігіттер» тобының орындауына тамсанып, қатты қызығушылық білдірген. Ерболаттың тарапынан «бірге жұмыс жасайық, дуэт жазайық» - деген ұсыныстар да болған. Енді сондай көзқараста жүріп, бұлай сөйлеуін түсінбедік», - дейді «Жігіттер» тобының әншісі.
Ерболат Құдайбергеннің желіні шулатқан сынына танымал әншілер жауап берді

Ерболат Құдайбергеннің желіні шулатқан сынына танымал әншілер жауап берді

Дәл осы даулы мәселеден кейін әншілер қауымы бірігіп Ерболатты жазаламақ ниетте болған. Бірақ Бағлан әріптестерінің мұндай ұсынысынан бас тартқанын жасырмады.

«Содан кейін бізбен қатар біздің бір-екі әріптестерімізді айтып жіберген екен. Солар естіп маған хабарласады. Ерболат солай депті, бір нәрсе істейік дейді. Содан кейін мен: «Оған не істейсің? Ауыз өзінікі. Мақұл, айт берсін. Әркім қалай көреді, солай айтады» - дедім. Бірақ өмірде «Жігіттер» тобы мен Ерблат Құдайбергеннің арасында реніш болған емес», - дейді Бағлан.

Айтпақшы, Ерболат ғаламторды шулатқан сұхбатында сахнада «қақшиып» тұратын әншілердің тізіміне Мақсат Базарбаевты да қосқан-ды. Ту сыртынан жағымсыз пікір білдірген Құдайбергеннің сөзін «Музарттың» экс-әншісі күні кеше естіпті.

Ерболат Құдайбергеннің желіні шулатқан сынына танымал әншілер жауап берді

Ерболат Құдайбергеннің желіні шулатқан сынына танымал әншілер жауап берді

«Билейтін адам билей берсін. Әр ауызға қақпақ бола алмаймыз ғой. Айтатын адам айта берсін. Ерболат солай айтты екен деп, мен бәрібір келесі жолы сахнаға билеп шығып кетпеймін. Баяғыда қалай болдым, сол қалпы қаламын. Ол баламен қатты бір араласым да жоқ. Қазақша айтқанда қоян-қолтық араласып, бір отырыста болмаппыз. Билемейтін әншілер көп қой. Бірақ не себепті мені айтқанын әлі күнге дейін түсіне алмай жүрмін», - дейді Мақсат Базарбаев.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
10
0
3
1
1
22
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір