RU
ОҚО-да шашылып жатқан адам сүйектері тұрғындарды шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да шашылып жатқан адам сүйектері тұрғындарды шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-дағы ауылдардың біріндегі зиратта шашылып жатқан адам сүйектері тұрғындарды шошытып отыр деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот Алматы арнасы

Скриншот Алматы арнасы
Source: UGC

Түймебай Базаров былтыр туысын Зертастағы зиратқа жерлеген. Ара-тұра келіп, марқұмға Құран бағыштап тұрады екен. Бірақ соңғы көргені соқпалдай азаматты есеңгіретіп тастаған. Себебі, қабірдегі адам сүйектері жер-жерде шашылып, аяқ астында тапталып жатқан.

Түймебай Базаров. Скриншот Алматы арнасы

Түймебай Базаров. Скриншот Алматы арнасы
Source: UGC

"Жарда екеуі тұр. Өткенде мен келген кезде үшеу тұғын. Үш мәйіттің ішінде мәйіті жоқ. Құдашамды жерлеуге келгенбіз. Жерлеуге келген кезде осындай сұмдықты көрдім мен", - деді Түймебай Базаров.

Моладағы «масқараны» айтып, дабыл қаққан қария ауыл билігі бұл мәселеге немқұрайлы қарап отыр дейді. Өйткені, тап осындай жағдай былтыр қыста қайталанған екен. Ол кезде де мазар маңынан ағатын Тоғыс өзені тасып, қабірдерді шайып кеткен.

Скриншот Алматы арнасы

Скриншот Алматы арнасы
Source: UGC

Ал атқамінерлердің сөзінше, аудан әкімдігі тиісті ақша бөлмейінше, ештеңе істей алмайды екен. Олар қаржы берілгенде ғана, өзен арнасын басқа жаққа бұрып, жан-жағына ағаш екпек.

Сіздің реакцияңыз
0
4
1
6
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel