RU
Бомж сыныптасын беделді кәсіпкерге айналдырған әйел жұртты сүйсінтті
Жаңалықтар Әлемде

Бомж сыныптасын беделді кәсіпкерге айналдырған әйел жұртты сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Кениялық азаматша бомжға айналып кеткен бұрынғы сыныптасын кездестіріп қалып, оныі өмірге қайта келуіне себепкер болды. Азаматты емдетіп, тіпті, жаңа бизнес ашуға да көмектескен деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Кениялық мектепте Патрик Ханга үздік футболшылардың бірі болған. Өз араларында оны тіпті, жаңа Пеле деп атап кеткен. Алайда, уақыт өте келе Патрик футболшының емес, нашақордың жолына түседі.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Бастапқыда жеңіл-желпі заттардан бастау алған қызығушылығы, күрделі формадағы есірткі тәуелділігіне айналған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Патрик қолында бардың бәрінен, тіпті баспанасынан айырылып, көше қаңғып кетеді.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Алайда, өмір оған сыныптасы Ванджи арқылы екінші мүмкіндік сыйлайды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

15 жыл бойы көріспеген сыныптасын кездестіріп қалған әйел бірден оған көмек қолын созған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Ол алдымен Патриктің емі үшін, қайырымдылық қорын ұйымдастырады. Қажетті қаражат жиналып, Ванджи сыныптасын толық сауықтырып алады.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Алайда Ванджи мұнымен тоқтамай, сыныптасының жеке кәсіп ашуына көмектеседі.

Бүгінде бет-бейнесі адам танымастай өзгерген Патрик, Ванджиға шексіз алғысын айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
4
86
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір