RU

Айсұлу Әзімбаеваның жаңа образы елді шошытты (фото, видео)

Белгілі актриса Айсұлу Әзімбаева трансвестит образында фотосессия жасаған. Желідегі оқырмандарына оның жаңа бейнесі ұнамай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Айсұлу Әзімбаева. Фото: Instagram
Айсұлу Әзімбаева. Фото: Instagram: UGC

«Дрэг-квин» стилінде ақ шашпен суретке түскен Әзімбаеваның бұл образы көпшілікті таңырқатпай қоймады.

Қазақстандық актрисаның су жаңа суреттерін ұнатып, «керемет» деп бағалағандар да табылды.

Алайда, Әзімбаеваны жақтағандардан гөрі даттаушылардың саны басым.

Айсұлу Әзімбаева. Фото: Instagram
Айсұлу Әзімбаева. Фото: Instagram: UGC
«Бастапқыда Леди Гага деп ойладым», «Сізді тану мүмкін емес», «Бояудың құдіреті деген осы», «Қандай қорқынышты», «Мұның не керегі бар?» деген қарама-қайшы пікірлерін жаудырды.

Айта кетейік, «Дрэг-квин» стилі ер адамның әйел образына еніп, ел алдына шығуымен түсіндіріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1719011-ajslu-zimbaevany-zaa-obrazy-eldi-sosytty-foto-video.html