RU
Сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған жігіт сақинаны таксиде ұмытып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған жігіт сақинаны таксиде ұмытып кеткен

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтардың таксиде көбінесе қандай заттарын ұмытып кететіні белгілі болды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Тақиялар, неке жүзіктері және тауық салынған таба.

Тақиялар, неке жүзіктері және тауық салынған таба.

Биылғы қыста Қазақстандағы Яндекс.Такси пайдаланушылары көбінесе көліктің ішінде телефондарын, әмияндарын, бас киімдері мен қолғаптарын ұмытып кеткен.

Қазақстан тұрғындары Яндекс.Таксидің қолдау көрсету қызметіне көбіне сенбі күнгі таңғы уақытта хабарласады екен. Іздестірілген заттардың арасында шелек, тәтті нан салынған науа, бұрғылау құралдары, алқа болған. Жаңажылдық түнде бұл тізімге музыкалық колонкалар, «Наполеон» торты және бірнеше қапталған сыйлық қосылған.

Такси жүргізушілері болса адамдардың көлікте әмиян, ноутбук, кілт және құжаттарын жиі ұмытып кететінін айтады.

Тақиялар, неке жүзіктері және тауық салынған таба.

Тақиялар, неке жүзіктері және тауық салынған таба.

Бірде такси жүргізушісі сүйген қызына ұсыныс жасамақшы болып, жол-жөнекей үлкен гүл шоғын сатып алған жігіттің қызына беретін сақинасын машинада ұмытып кеткенінің куәсі болған.

Яндекс.Такси баспасөз қызметі мәлім еткендей, әдетте, машинада қалып қойған затты қайтарып алу қиын емес. Сервистің ережелері бойынша жүргізуші табылған затты өзі жұмыс істейтін таксопаркке апарып тапсыруы тиіс.

Оған қоса, заттың жоғалғаны бірден аңғарылатын болса, пайдаланушы «Сапарлар тарихы» арқылы жүргізушінің өзімен байланысқа шыға алады. Егер жүргізуші алыстап кетпеген болса, ол жолаушымен келісіп, жоғалған затты қайта әкеліп беруі мүмкін. Тапсырысты орындаған жүргізушінің телефон нөмірі бір тәулік бойы сақталады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір