RU
Ақтөбелік тұрғын жалғызбасты ана мен некесіз балаға үрке қарамауды сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік тұрғын жалғызбасты ана мен некесіз балаға үрке қарамауды сұрады

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік тұрғын некесіз бала, жалғызбасты ана мәселесі бүгінде көзге қораш көрінбейді деген пікірде. Айтуынша, олар қоғам мойындап тастаған сұрақ.

Ақтөбелік тұрғын жалғызбасты ана мен некесіз балаға үрке қарамауды сұрады

Ақтөбелік тұрғын жалғызбасты ана мен некесіз балаға үрке қарамауды сұрады
Source: UGC

"Бәрі тәрбиеге байланысты. Қазіргі қоғамда жалғызбасты ана мәселесі өзекті. Мектепке баратын әкесі жоқ бала көбейіп кетті. Осы мәселе 10-15 жыл бұрын көзге қораш көрінетін. Қазір олай емес. Біздің қоғамымызда жалғызбастылық деген мойындалған нәрсе. Өз статусы бар. Ертеңгі күні ондай баланың болашағы бұлыңғыр болады деп айту қиын. Ең бастысы-тәрбие. Анасының баласына берген тәрбиесіне байланысты. Оны басқаша айтуға болмайды. Мен солай ойлаймын", - дейді қала тұрғыны Нұркен Уайдин.

Айтуынша, жалғызбасты ана баласына толыққанды тәрбие беруі үшін қоғамда жағдай жасалған.

"Әкесі жоқ баланың бір жері кем болады, психологиясында ауытқу болады деген түсінік ғылымда дәлелденбеген. Некесіз туылған баланың бір жері дұрыс болмайды деген дерек жоқ. Тек өткен қоғамда оған қорқынышпен қарады. Себебі ондай нәрсе болған жоқ. Рулық қоғам ол түсінікті қабылдай алмаған. Қазір "әйел тәрбиелеген бала қыз мінезді болады" деген қорқыныш бар. Бірақ қазір техника дамыған, ақпараттық қоғам. Әртүрлі спорттық секциялар, ер адамның тәрбиесін алатындай жағдай жасауға мүмкіндіктер бар. Қазіргі қоғам бұл проблеманы да шешіп қойған", - дейді ол.

Тұрғын белгілі бір адамдарға ұқсайтын басқа отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалардың барлық қоғамда болатынын айтады.

«Соғыстан кейінгі жылдары да елде қиындық болды. Қаншама адам соғыстан қайтпай қалды. Адамның физиологиялық қажеттіліктері ғылымда мойындалған нәрсе. Алланың өзі адамды жарты қылып жаратқан. Екеуі біріккенде ғана бүтін болады, тындыра алады. Сол жылдары да осындай балалар көп туды. Мен бала кезімде отыздағы бір біріне ұқсайтын жігіттерді көретінмін. Тегі отбасы бөлек. Ағайын емес, ауылдың балалары ұқсайды. Оны жұрт біледі, ешкім қолын шошайтып ештеңе айтпайтын. Кешіріммен қарайды.
Белгілі бір адамдарға қатты ұқсайтын балалар қазір де бар. Бірақ бала жалғызбасты ана тәрбиесінде. Сондай балалар қоғамда көбіне шеткерірек көреді. «Сенің әкең кім, бар болса келмей ма?» деген секілді. Мектептің балалары қасақана айтпайды. Ондай балаларда әкесіне, ата- бабасына деген жеккөрініштік психология қалыптасады. Осындай кезде тәрбиеге ана басымдық беру керек, сонда ғана бала қиындықты қабылдамайтын болады", - дейді Нұркен Уайдин.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
3
2
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel