RU
Назарбаевтың тапсырмасынан соң билік түгелдей қазақша сөйлеп кетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаевтың тапсырмасынан соң билік түгелдей қазақша сөйлеп кетті

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі билік өкілдеріне мемлекеттік тілде қызмет ету керектігін ескерткен болатын. Осы сыннан кейін үкімет отырысы қазақ тілінде өтті деп хабарлайжы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Білім министрі Назарбаевтың тапсырмасын орындамай қойды

Білім министрі Назарбаевтың тапсырмасын орындамай қойды

Елбасының тапсырмасын үкімет мүшелері алғашқы күннен бастап орындады. Әдетте бір-екі сөзін қазақ тілінде бастап, одан әрі орысша судырата жөнелетін министрлер бүгін баяндамасын бастан-аяқ қазақша жасады.

Десек те үйреншікті әдетіне басып, сөз арасында орысша сөйлеп қойған шенеуніктер де болды.

Үкіметтің бүгінгі отырысында үш мәселе қаралды: инвестиция тарту мәселелері, орта білім беру ұйымдарында жаңартылған мазмұнға көшу, Ақтөбе агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы.

Алғаш болып инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек сөз алды. Министр инвестиция тартуға қатысты баяндамасын бастан-аяқ қазақ тілінде жасады. Одан кейін мінберге шыққан энергетика министрі Қанат Бозымбаев та президенттің сөзін жерге тастамайтынын көрсетті.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев, "Бәйтерек" холдингі, "Қазақинвест" компаниясының басшылары да қазақ тілінде сөйледі.

Кезек өңірлерге келгенде, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин таза қазақ тілінде өтіп келе жатқан отырыстың "шырқын бұзды". Басын қазақ тілінде бастап, кейін орысша сайрай кетті. Бәлкім президенттің кешегі айтқан сөзі депутаттар мен министрлерге ғана қатысты деді ме екен, жоқ әлде есінен шығарды ма, кім білсін?!

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге қатысты баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те елбасының тапсырмасын орындамады. "Ауру қалса да, әдет қалмайды" деген осы болар, министр мырза ара-тұра орысша сөйлеп қойды.

Бір қызығы, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл жолы спикерлерге сұрақ қойған жоқ, тек қорытынды жасап, тиісті тапсырма берді. Әлде қарамағындағы қызметкерлерін ұятқа қалдырғысы келмеді ме, кім білсін?!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
4
4
1
6
73
11
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel