RU
Ерлан Сағадиев Назарбаевтың тапсырмасын толық орындауға уәде берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ерлан Сағадиев Назарбаевтың тапсырмасын толық орындауға уәде берді

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келесі Үкімет отырысында таза қазақ тілінде баяндама жасауға уәде берді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ерлан Сағадиев Назарбаевтың тапсырмасын толық орындауға уәде берді

Ерлан Сағадиев Назарбаевтың тапсырмасын толық орындауға уәде берді
Source: UGC

«Бүгінгі Үкімет отырысындағы баяндамам 95 пайыз қазақша болды. Енді қазір оның бәрін жасап жатырмын. Келесіде 100 пайыз қазақша жасаймын», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беріп.

Сағадиев сонымен бірге 2020 жылы мектептерде енгізілгелі отырған «нөлінші» сынып туралы айтып берді.

«2020 жылы нөлінші сынып енгізіледі. Дайындық барысы айтылды. Екі жылдың ішінде нөлінші сыныпты енгіземіз. Жоспарымыз - 100 пайыз балаларды өткізу.

Сондай-ақ, бірыңғай бағдарламасын енгіземіз. Көп өзгеріс жоқ, тек қана әліпби латын тілінде басталады. Ең алдымен әліппені қабылдадық. Енді оқулықтарды дайындау керек», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
9
0
2
2
3
4
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel