Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асанәлі Әшімов 70 жыл бойы атеист болғанын жайып салды

Опубликовано:

Елімізге белгілі халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген ері Асанәлі Әшімов өзінің дінге сенбейтінін жеткізді. Сондай-ақ, ардагер актер өтірік пен адамның шынайы бейнесі жайлы сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды «Talklike» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Асанәлі Әшімов. Фото: скриншот
Асанәлі Әшімов. Фото: скриншот: UGC

«Өлімнен қорықпаймын» деген халық әртісі талай өлімді көргенін айтып берді.

«Өмірден талай жақсылар кетті. Шәкендер кеткеннен кейін, бұл бәріміздің басымыздан өтетіні анық. Қорқа бергеннен не істейсің? Одан пайда жоқ! Өзі сол жасқа да келіп қалдық. Өмірге өкпем жоқ», - деді Әшімов.

«Мен 60 жылдан аса арақ ішемін. Бірақ ақылымды ішпеймін. Құмартып іздемеймін. Мен құдайға абстрактно қараймын. Бір құдайдың бар екенін білемін. 70 жыл атеист болып келіп, бірден беріліп кету қиын».

«Менің түсінігімде жаратушы тазалық, әдептілік, ешкімге қиянат жасамау сынды қасиеттерді пендесінен сұрайтын болу керек. Мен дінге ғылым ретінде қараймын. Мешітке өтірік тоңқаңдап баратын адамдарға сенбеймін. Мешітке барып намаз оқу міндетті емес.
Жұмақ пен тозақты жатқанда көреміз ғой. Меніңше жұмақ тірі жүргенің, тозақ – өлгенің. Әйтеуір, бір жаратушы бар», - деді Асанәлі Әшімов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719098-asanli-simov-70-zyl-bojy-ateist-bolganyn-zajyp-saldy/

pixel