RU
БҚО-да әкімдік мемлекеттің ақшасына сатып алған қымбат көлік "жоғалып" кеткен
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да әкімдік мемлекеттің ақшасына сатып алған қымбат көлік "жоғалып" кеткен

Рассказать Вконтакте

Былтыр Зеленовск ауданының әкімшілігі мемлекеттік сатып алу сайты арқылы Тoyota Land Cruiser 200 автокөлігін сатып алған деп хабарлайды Uralskweek.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: www.uralskweek.kz

Фото: www.uralskweek.kz
Source: UGC

Бастапқыда аудандық демалыс орталығы қызметкерлерін алыс аудандарға жеткізу үшін алынған көлік өзінің мисссиясын екі ай ғана орындаған.

Ал бүгінгі күні автокөліктің қайда екенінен бәрі хабарсыз

БҚО Қаржы бөлімінің мәлімдеуінше, Переметное ауылының демалыс орталығы қызметкерлері Toyota автокөлігін екі ай көлемінде жеке мақсатта пайдаланғандықтан, джип толығымен облыстық коммуналдық жекеменшікке өткен. Дегенмен, көліктің қазір қайда екенін не аудандық әкімшілік, не аудандық мәдениет орталығы да білмейді.

Бір-біріне сілтеуді әдетке айналдырған мекемелер түбінде аудандық қаржы бөліміне бағыттады. Бұл мекеменің басшысы Сандуғаш Айтқалиева, өз кезегінде, автокөліктің облыстық қаржы бөлімінің қарамағына өтіп кеткенін мәлімдеді.

Ары қарай мәселе облыстық қаржы бөлімінің басшысы Дулат Имашевтің кабинетінің сыртында тығырыққа тірелді.

Мемлекеттік нөмірі 284 АО 07 Toyota Land Сruiser автокөлігі қай жақта, қандай мақсатпен пайдаланылып жүргені әлі күнге дейін белгісіз болып тұр.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
7
1
1
0
3
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel