RU
Қазақстанды бүкіл әлемге "паш еткен" Борат Астанаға келуі мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанды бүкіл әлемге "паш еткен" Борат Астанаға келуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Айнұр Нүсіпбекова елімізде туризмді дамыту үшін әйгілі британдық комик Саша Коэнді Қазақстанға шақыруды немесе қалалардың бірінде оның ескерткішін орнатуды ұсынды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазақстанды бүкіл әлемге "паш еткен" Борат Астанаға келуі мүмкін

Қазақстанды бүкіл әлемге "паш еткен" Борат Астанаға келуі мүмкін

Тourcenter.kz порталының негізін қалаушы Айнұр Нүсіпбекова бұл ұсынысымен әлеуметтік желіде бөліскен.

"Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан қазір өзін әлемге таныту үшін белсенді әрекет етуде, сол үшін арнайы Kazakh туризм ұйымы құрылып, елімізге туристтерді тартумен айналысып жатыр. Бірақ, өкінішке орай, Қазақстанның басты проблемасы туристтерді өзіне тарта алмауы ғана емес, жалпы көп жерлерде бізді ел ретінде ешкімнің танымауы болып табылады!", — деп жазады қазақстандық.

Нүсіпбекованың айтуынша, шетелдіктердің басым көпшілігі Қазақстан десе, Боратты еске түсіріп, бірден тани кетеді. Сол себепті ол Борат есімді кейіпкерді сомдаған актер Саша Коэнді Қазақстанға шақыруды ұсынады.

"…Қара пиар деген де пиар. Ол бір ғана фильммен біздің еліміз миллиардтап қаражат жұмсап жатқан жетістікке жетті!", — деп санайды Айнұр Нүсіпбекова.

Ол Боратпен хабарласып, Астанада қыдыртып, біраз шу шығаруға болатынын жоққа шығармайды.

"Бәлкім бірігіп әзіл-ысқақ фильм түсіруге келісуге болатын шығар. Сюжеті бойынша, Борат болашаққа, қазіргі Астанаға келіп, неше түрлі қызықтар көрсетіп, елордамыздың жаңа келбетіне таңғалып жатса… Осы идеяны әрі қарай дамытып, жетілдіруге болады.

Дегенмен осы Борат арқылы елімізге керек танымалдыққа қол жеткізіп, қыруар ақша үнемдей аламыз. Мені қатты сынға алмассыздар, айта кетейін: Қарағандыда ма, бір қалада Боратқа арнап ескерткіш орнатып, туристтерді сонда апаруға болады", — деп ойын ортаға салды қазақстандық.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
72
6
4
4
0
12
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel