Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта кішкентай сәбиді аяусыз өлтірген 30 жастағы жігіт ұсталды

Опубликовано:

Балқаш қаласында 30 жастағы ер азамат кішкентай баланы ұрып өлтірген. Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растады деп жазады Sn.kz.

Балқашта 30 жастағы азамат өгей ұлын өз қолымен ұрып өлтірді
Балқашта 30 жастағы азамат өгей ұлын өз қолымен ұрып өлтірді: UGC
"24 ақпан күні қаладағы пәтерлердің бірінен кішкентай баланың мәйіті табылды. Оның денесінде жарақат іздері бар. Балқаш қалалық ішкі істер бөлімінің шұғыл тергеу тобы қаланың 30 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады.

Күдікті полицейлерге берген жауабында баланы ұрғанын мойындап, ұрған сәтте өзінің мас болғанын айтқан.

Қазір ол уақытша тергеу абақтысына жабылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1719126-balkasta-kiskentaj-sbidi-aausyz-ltirgen-30-zastagy-zigit-staldy/

pixel