RU
Қыс әлі біткен жоқ: Синоптиктер елімізде тағы аяз болатынын ескертті
Жаңалықтар Қоғам

Қыс әлі біткен жоқ: Синоптиктер елімізде тағы аяз болатынын ескертті

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда алдағы күндері ауа температурасы климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары болады, кейін күн күрт суытады. Бұл туралы Қазгидрометтің 27 ақпан мен 3 наурыз аралығындағы ауа райына жасаған гидрометеорологиялық болжамында айтылған.

Қыс әлі біткен жоқ: Синоптктер елімізде тағы аяз болатынын ескертті

Қыс әлі біткен жоқ: Синоптктер елімізде тағы аяз болатынын ескертті
Source: UGC

"1 наурыздан бастап солтүстік облыстарға арктикалық ауа ығысады, 2 наурызда республиканың қалған аумағын қамтиды. Түнде ауа температурасы тағы —20-30 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – 10-20°С, қиыр оңтүстікте 3-10 градусқа дейін төмен түседі", — дейді синоптиктер.

Сонымен қатар, еліміздің басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, оңтүстік аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Күннің суытуы қысқа мерзімге ғана созылады, 3 наурыздан бастап солтүстік ағындар батысқа ауысып, ауа температурасы қайта көтеріледі.

Сіздің реакцияңыз
3
3
3
4
2
10
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel