RU
Ақмола облысында оқушыны "соққыға жықты деген" әкім өз шындығын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында оқушыны "соққыға жықты деген" әкім өз шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында 8 сынып оқушысын соққыға жықты деп айыпталып жатқан Қорғалжын ауылдық аймағының бұрынғы әкімі Жанат Омаров өзінің қызуқанды әрекетін түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жанат Омаров. Фото: әлеуметтік желіден алынды

Жанат Омаров. Фото: әлеуметтік желіден алынды

Бұрынғы әкім Қорғалжындағы мектеп-интернатқа рұқсатсыз кіріп келіп, оқушыға ұмтылғанда өз-өзін ұстай алмай қалғанын айтады. Бірақ Диас Мұқанның басынан тепкілеген жоқпын дейді.

"Былай жақындап келдім де, жағасынан алмақ болдым. Директорға апарғым келген. Ол орындығымен құлап түсті. Мен оны ұрған жоқпын, шкафқа да соғылған жоқ. Баламның мұрнынан қаны ағып мейірбикеде отырғанын көріп, өзімді ұстай алмай қалдым. Бірақ тепкіледі деген бекер сөз", - дейді Жанат Омаров.

Ал жағасынан алмақ болғанда құлап қалды деген оқушы Диас Мұқан бөлмесінде ес-түзсіз жатқан. Әкімнің айтуынша, жанында мұғалімдер болыпты. Бала соққы алғаннан кейін мейірбике келіп көмек көрсеткен. Бірақ бұл оқиғаны көзімен көргендер ешкімге тіс жармауға бекініпті. Тіпті аудан әкімдігі аппаратының, білім бөлімінің басшылары да екі күн өткен өткен соң естідік деп тұр.

Диасты ата-анасы алдымен аудандық ауруханаға апарған. Баланың халі мүшкіл болғанын бас дәрігер енді айтып тұр.

"Баланы көтеріп әкелді. Ес-түзсіз, тілі күрмеліп жатты. Жағдайы ауыр болды. Денесі тартылып қала берді. Орындықтан құлап түсіп, осындай жағдайға жетуі мүмкін емес қой. Біз бір ауданда жұмыс істейміз, нақты кімнің қорқытқанын айта алмаймын", - дейді Қорғалжын аудандық ауруханасының бас дәрігері Марал Ақылбаева.

Мектеп-интернатта екі баланың төбелесінен басталып, соңы осындай үлкен дауға ұласқан оқиға бойынша қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал тәртіптік кеңесте ісі қаралған Жанат Омаров қызметінен қуылған болатын.

Еске сала кетейік, Қорғалжын ауданының тұрғыны Facebook желісінде 8-сынып оқитын ұлының ауыл әкімінен таяқ жегенңн айтып, жанайқайын жеткізген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
3
3
0
1
10
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel