RU
Головкин "Канеломен" бірінші кездесуге 100 пайыз дайын болмағанын мойындады
Жаңалықтар Қоғам

Головкин "Канеломен" бірінші кездесуге 100 пайыз дайын болмағанын мойындады

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин шетелдік берген сұқбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткен бірінші кездесуге дайын болмағанын айтты деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: news.sportbox.ru

Фото: news.sportbox.ru

"Бірінші кездесудің алдында "Канело" маған нағыз мексикалық стильдің қандай болатынын көрсететінін айтты. Бірақ оның орнына ол рингте қашып жүрді. Бұл мені шамалы таңғалдырды. Мүмкін мен әр раундқа дайын болмаған шығармын. Жекпе-жектің бірінші бөлігіне дайын болдым. Бірақ екінші бөлігіне дайын болмадым. Енді мен екінші бөлімінде көбірек драма мен экшн көрсететінімді білемін. Бірінші жекпе-жекке 100 пайыз дайын болмадым. Ал енді дайынмын.
Не үшін бүйірден аз соққы жасадым дейсіз бе? Өйткені, "Канело" үнемі қимылдап, бір орында тұрмады. Мен де оның алдында тұрмадым. Оған соққымды өткізу қиын болды.
Лас-Вегасқа қайта оралу мен үшін проблемма емес. Себебі, бұл бокс. Ал мен боксшымын. Бірінші жекпе-жек есімде. Қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін. Мен өзімді, өз командамды және мені қолдайтын адамдарды білемін. Бірінші кездесуде кімнің жеңгенін барлығы біледі", - дейді Головкин.

Еске сала кетейік, қос боксшы өткен жылдың қыркүйек айында Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде кездесіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша тең түскен болатын. Енді боксшылар арасындағы реванш Лас-Вегаста 5-мамыр күні өтеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
6
1
3
15
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір