RU
Шымкентте өлместің күйін кешкен үш баланың анасы қайыр тілеуге мәжбүр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте өлместің күйін кешкен үш баланың анасы қайыр тілеуге мәжбүр (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте өлместің күйін кешкен әйел көмекке мұқтаж. Үш баланы жалғыз асырап отырған ана көрінгеннің босағасын жағалап, көшеде қолын жайып жүр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ұлжалғас Абдуқаимова балаларымен

Ұлжалғас Абдуқаимова балаларымен
Source: UGC

Бір емес, үш баласына күнделікті ас-ауқатын тауып беру - жалғызбасты анаға оңай емес. Ұлжалғас Абдуқаимова көшеде қайыр тілеп, нәпақасын табуға мәжбүр. Осылайша, күн сайын көпшіліктен түскен тиын тебеннің басын құрап, жолын тосқан перзентеріне нан-пұл әкеледі.

Ұлжалғастың он жыл отандасқан күйеуі сегіз жылға түрмеге қамалыпты. Азаматшаның айтуынша, күйеуі жолдастарымен бірге өткізген отырыс кезінде жас жігітті ұрып соғып абайсызда өлтіріп қойған. Жалғызбасты ана бұл іске жарының жолдастарың да қатысы бар екендігін алға тартып отыр. Бірақ бір топ адам қатысы бар деген қылмыстық істе Ұлжалғастың күйеуі ғана кінәлі деп табылып, түрмеге қамалған.

"Үш балам бар. Үлкені жеті де ұл бала. Одан кейін Елнұр ұлым және екі жасар қызым бар. Пәтер жалдап тұрамыз. Қайыр тілеп ақша табамын. Басқа амалым жоқ. Өзімнің әке-шешем қайтыс болып кеткен. Ал күйеуімнің ата-анасы көмектеспек түгілі немерелерінің де жағдайын сұрамайды. Түрмедегі күйеуімнің артынан іздеп баруға жағдайым жоқ", - дейді жалығзбасты ана.
Ұлжалғас Абдуқаимова

Ұлжалғас Абдуқаимова
Source: UGC

Қазір үш баласы да сырқаттанып қалған ананың тіпті дәрі дәрмек алуға шамасы келмей отыр.

Егер қол ұшын созуға дайын қайырымды жандар болса 8778-181-04-52 нөміріне хабарласуға болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
10
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel