RU
Астанада араға 22 жыл салып баласымен қауышқан ана көпшілікті жылатты
Жаңалықтар Қоғам

Астанада араға 22 жыл салып баласымен қауышқан ана көпшілікті жылатты

Рассказать Вконтакте

Кеше Астанада 1 наурыз «Алғыс айту күніне» орай, «Қазақ радиолары» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ауқымды қайырымдылық кеш өтті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сурет: "Қазақ" радиосы

Сурет: "Қазақ" радиосы

«Мың алғыс!» деген атаумен өткен кеште көрермендерге тағдырдың тауқыметін тартып, өмірде түрлі қиындықтарға тап болған жандардың өмірі таныстырылды.

Солардың бірі – сонау Алматы облысынан келген Раиса Николаевна. Осыдан 22 жыл бұрын Қырғызстан елінен келген ана 7 бірдей баласынан қол үзіп қалған. Кейуана Қазақстанға келер жолда төлқұжатын жоғалтып алып, жаңа жеке куәлікке сол күйі қол жеткізе алмаған. «Бармысың бауырым» радиохабары арқылы өз баласын тапқан ол сахнада көз жасын тоқтата алмай, еңіреп жылады.

«Қазақ елі мені өте жылы қарсы алды, тағдырдың тәлкегі болар, осылай айдың күннің аманында балаларымнан қол үзіп қалған жайым бар. Ана жүрегі осы жылдар бойы сол перзенттерімнің амандығын тілеп, тым құрыса біреуі келіп, бауырына басады деп үміттенген еді. Құдайға шүкір, «Қазақ радиосы», оның ішінде «Бармысың бауырым» бағдарламасы арқылы бүгін арманым орындалды, ұлыммен қауыштым. Осыған орай, бағдарлама ұжымына және осы хабарға қатысуыма көмек берген ауылдастарыма алғысым айтқым келеді. Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын», - деп ағынан жарылды абзал ана.
Сурет: "Қазақ" радиосы

Сурет: "Қазақ" радиосы

Сондай-ақ, кешке «Жан жылуы», «Ақ отау» радиобағдарламаларының кейіпкерлері де қатысты. Олардың бірі «Жан жылуы» хабары арқылы көзіне ота жасауға қаражат табылды десе, енді бірі үш бөлмелі пәтерге қол жеткізгенін айтты.

«Жан жылуы» ұжымына көптен көп рахметімді айтамын. Жеті бірдей балам, мүгедек жолдасыммен аядай тар бөлмеде тұрып жатқан жерімнен, үш бөлмелі пәтерге кіруіме көмектесті. «Қазақ радиосы» баспаналы болу және Астананы өз көзімізбен көру сияқты арманымды орындады, көп рахмет!», - деп алғысын білдірді қызылордалық көп балалы ана.
Сурет: "Қазақ" радиосы

Сурет: "Қазақ" радиосы

Кеш барысында Ақмола облысы Қошқарбай ауылынан келген бір топ тұрғындар да сахна төріне шақырылды. Зеренді ауданына қарасты бұл елдімекеннің тұрғындары жетімдер үйінің 11 тәрбиеленушісін асырап алып, көпке үлгі көрсеткен. Бүгінгінің батыры атанған ата-аналар балаларды өз перзенттерінен артық көретінін айтып, жиналған жұрттың жүрегін елжіретті.

Сурет: "Қазақ" радиосы

Сурет: "Қазақ" радиосы

Ал, қайырымдылық кешінің соңында аталған шараның басты мақсаты да айтылды. «Қазақ радиосы» ЖШС осы ауқымды кеш арқылы 1 жас екі айлық Арман есімді тараздық нәрестеге көмек көрсетпек болған.

Осылайша, бар-жоғы бірер сағаттың ішінде бүлдіршіннің қос көзіне ота жасауға қажет 2 млн 700 мың теңгедей қаражат жиналған. Алдағы уақытта Арманға ота жасату үшін ата-анасы Ресейге аттанбақ.

"Қайырымды, жүрегінде мейірімі бар жандарға мың алғыс! Алла әр істеріңізге береке берсін. Арманымыздың жарық дүниені көру арманы орындалсын!",-деп ақжарма тілектерін білдірді кішкентайдың ата-анасы.

2 млн тауып берген белгілі дінтанушы, ғалым Қайрат Жолдыбайұлы мен Шымкенттегі "Ернияз" компаниясының бас директоры Ербол Дайраш екенін естен шығармаған жөн болар.

Сурет: "Қазақ" радиосы

Сурет: "Қазақ" радиосы

Тағы айта кетерлігі, іс-шараға Қайрат Баекенов, Қарақат Әбілдина, Гүлнұр Оразымбетова, Тамара Асар сияқты бірқатар өнер адамдары да қатысты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
2
3
6
55
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel