RU
Танымал саясаткер елбасы сөзінен кейін қазақша сайраған шенділерді сынға алды
Жаңалықтар Қоғам

Танымал саясаткер елбасы сөзінен кейін қазақша сайраған шенділерді сынға алды

Рассказать Вконтакте

Күні кеше үкімет отырысында Нұрсұлтан Назарбаев билік өкілдеріне мемлекеттік тілде қызмет ету керектігін ескерткен болатын. Осы сыннан кейін үкімет отырысы қазақ тілінде өтті. Осы орайда танымал саясаткер Дос Көшімнің айтар уәжі бар деп хабаралйды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дос Кқшім: Президент айтқан соң ғана қазақша сөйлеу деген - ұят

Дос Көшім: Президент айтқан соң ғана қазақша сөйлеу деген - ұят

Саясаткер бұл үрдіс тоқтап қалмауы үшін, мемлекеттік тіл жөнінде жарлық шығуы керек екенін айтады.

Ол тұрғындар қай тілде сөйлесе де, мемлекеттік қызметкерлер ресми жиындар мен кездесулерде, есеп беруге шыққанда тек қазақ тілінде ғана сөйлеуге міндетті дегенді алға тартты.

"30 жылдан кейін барып президенттің осыны айтқызуға жеткізген солардың өзі - мемлекет қызметкерлер. Сондықтан, шындығында да бұл үлкен ұят.
Президенттің айтқанына байланысты сөйлеген деген сөзге, өз басым, ішім бір қайнап кетеді. Себебі мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі. Оны сөйлеу және оны дамыту мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті", - деді Дос Көшім.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
1
45
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір