Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нокдаунға түскен 31 жастағы боксшы жеңіске жеткен соң көз жұмды

Опубликовано:

31 жастағы жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін британдық боксшы Скотт Уэстгарт жекпе-жек кезінде басынан алған жарақатынан кейін қаза тапты деп жазады Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нокдаунға түскен 31 жастағы боксшы жеңіске жеткен соң көз жұмды
Нокдаунға түскен 31 жастағы боксшы жеңіске жеткен соң көз жұмды: UGC

24 ақпан күні Уэстгарт Дека Спелмэнмен өткен кездесудің оныншы раундында нокдаунд алып қалды. Дегенмен де бұл нокдаунға қарамастан, ол ұпай санымен жеңген болатын.

VRinge.com порталының жазуынша, кездесуден кейін Уэстгарт рингте сұхбат берген. Бірақ сол кездің өзінде оның жағдайы дұрыс емес екені байқалып тұрған.

Кейінірек оны емханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Боксшының миына қан кеткен.

Кәсіпқой бокстағы карьерасын 24 жасында бастаған Уэстгарт біраз уақыт бокспен қатар шаңғы нұсқаушысы және Шеффилда қонақүй ресторанында аспазшы болып қосымша жұмыстар жасаған.

Оның өліміне байланысты көптеген танымал тұлғалар көңіл айтты. Солардың қатарында промоутер Эдди Хирн, әлемнің экс-чемпионы Рикки Хаттон, әлем чемпионы титулына бірнеше мәрте үміткер болған Мартин Мюррей және басқа да боксшылар бар.

Ал оның соңғы қарсыласы Дек Спэлман Уэстгарт отбасына қолдау білдірген.

«Мен қатты қайғырудамын, ақталарға сөз таппадым. Мен Скотқа және отбасы мен таныстарына дұға қылуды жалғастырамын. Жатқан жерің жайлы болсын досым», – деді Спэлман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1719198-nokdaunga-tsken-31-zastagy-bokssy-zeiske-zetken-so-kz-zmdy/

pixel