RU
Бір аяғы қысқарып бара жатқан ақтөбелік қыздың анасы жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Бір аяғы қысқарып бара жатқан ақтөбелік қыздың анасы жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі теміржол ауруанасында 34 жылдан бері медбике болып жасайтын Айна Мұқанова жалғыз қызының жағдайын айтып жылады деп хабаралйды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бір аяғы қысқарып бара жатқан ақтөбелік қыздың анасы жанайқайын жеткізді

Бір аяғы қысқарып бара жатқан ақтөбелік қыздың анасы жанайқайын жеткізді

Кеш тұрмысқа шығып, 37 жасында босанған қызы мүгедек болып туылған. Аурухананың тәжірибелі медбикесі жалғыз баласын асырау үшін еден де жуып жүр.

«Қызым Мерей Аймағанбетова 14 жаста. Талмасы бар, аяғы қысқарып барады, тез шаршайды. Мүгедек болып туылды. Мектепке апарып келеміз. Жеңілдетілген бағдарламамен оқиды. Мектепке барып оқығысы келеді, бірақ шаршайды.
Өзім 34 жылдан бері теміржол ауруанасында медбике болып жасаймын. Қазір қызымның денсаулығына байланысты жарты күндік жұмысқа ауыстым. Мен қазір жылап қоямын, жағдай жақсы емес. Жатақхананың бір бөлмесін жалдап тұрып жатырмыз», - дейді Айна Мұқанова.

Егде жастағы әйел қызын емдету үшін алған несиені төлеу үшін жанын шүберекке түйіп жүргенін айтты.

«Менің жасым 52 де болса, әкесі 53-ке шықты. Екеуміз де мемлекеттің жұмысын жасаймыз. Бізде оңды-солды келетін ешқандай ақша жоқ. Осы баламызды емдетеміз деп көп несие алдық.

Ресейдің дәрігерлеріне барып ота жасаттық. Себебі Қазақстанда ондай ем болған жоқ. Туладан келген дәрігерлерге бардық. Олар екінші қайтара тағы ота жасату керектігін айтқан болатын. Оған ешқандай жағдайымыз келмей отыр.

Бір аяғы қысқарып бара жатқан ақтөбелік қыздың анасы жанайқайын жеткізді

Бір аяғы қысқарып бара жатқан ақтөбелік қыздың анасы жанайқайын жеткізді

Өзіміз қазір жатақхананың бір бөлмесін жалдап отырмыз. Оған да теміржол ауруанасында медбике болғаным үшін қол жеткіздім. Медбике екеніме қарамай ол жерде еден де жуамын. Жатақханадан айрылып қалмайын деп тырмысып жүрмін. Одан кетсем барар жерім жоқ», - дейді ол.

Кеш тұрмысқа шыққанын айтқан ана мүгедек қызының болашағына алаңдайды.

«Жолдасым екеуміз кеш үйлендік. Қызымды 37 жасымда тудым. Әкесінің де жұмыс жасауының кемі жоқ. Екеулеп тапқанымызды осыған жеткізе алмаймыз. Баланың болашағын ойлап алаңдаймыз. Бір бөлмелі жатақханада қыз бала өсіп келе жатыр.
Жасымыз 50-ден асса да баспанысыз жүргеніміз жаныма батады. 10 жылдан бері үй кезегінде тұрмыз, шынын айту керек шаршап кеттік. Қызды14 жасқа келсе де кішкентай бөпе құсатып қарап отырмыз», - дейді Айна Мұқанова.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
4
24
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel