RU
Сауль Альварес Головкиннің бапкерімен сөзге келіп қалды
Жаңалықтар Әлемде

Сауль Альварес Головкиннің бапкерімен сөзге келіп қалды

Рассказать Вконтакте

Лос-Анджелес қаласында Головкин-Альварес жекпе-жегіне арналған медиа іс-шара аясында боксшылар арасында көз арбасу болып өтті. Кейін іс-шара баспасөз мәслихатына жалғасып, спортшылар сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды kaz.vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды
Source: UGC

Баспасөз мәслихаты кезінде мексикалық Сауль Альварес өзінің отандасы әрі қарсыласының бапкері болып келетін Абель Санчеспен сөзге келіспей қалды.

Геннадий Головкиннің бапкері Альвареске өз уәдесінде тұрмағанын басып айтты. Естеріңізде болса, Канело Геннадийді міндетті түрде нокаутқа түсіремін деген болатын.

Алайда Санчестің пікірінше, оның орнына Сауль Альварес жекпе-жек барысында тек қана қашып жүрумен айналысты.

Абель Санчестің бұл сынына Сауль тек өзі ғана емес, Генадий Головкин да нокаутқа түсіремін сөз бергенін ескертті.

Санчес өз кезегінде "рингте қашып жүрген адамды нокаутқа түсіру мүмкін емес", - деп бірден жауап қатты.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
6
0
0
4
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel