Мақпал Жүнісова Атыраудағы концерті үшін ерекше көйлек тіктіріп жатыр (видео)
Елінің ерке қызы Мақпал Жүнісова Атыраудағы концертіне арнайы көйлек тіктіріп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова. Фото: Instagram
Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында хабарлады.
«Бүгін сән үйінде қонақта болып қайттым. Биылғы жылдың соңғы трендтерімен танысып, жаңа көйлекке тапсырыс бердім. Дайын болғанда тағы бөлісермін», - деп жазып қойды видео жүктеген әнші.
Ал оқырмандар «Берік ағамыз өлтіріп тігіп берем дейді ғой», «Сәттілік», «Әдемі қылып тігіп берсе, түсі керемет жарасып тұр», «Кешіңізге сәттілік. Мерейдің қызығын көріңіз» деп тілектерін білдірді.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісова Атырау қаласында наурыздың жетісі мен тоғызы аралығында жеке кешін өткізбекші.
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
4
2
0
1
12
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір