RU
"Заң бұзбаймын": Исекешов мүгедек тұрғынға кезексіз пəтер бере алмайтынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Заң бұзбаймын": Исекешов мүгедек тұрғынға кезексіз пəтер бере алмайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Бүгін дау-жанжалмен басталған Астана əкімінің есептік кездесуінде 2001 жылдан бастап үй кезегінде тұрған келіншек əкімге жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Заң бұзбаймын": Исекешов мүгедек тұрғынға кезексіз пəтер бере алмайтынын айтты

"Заң бұзбаймын": Исекешов мүгедек тұрғынға кезексіз пəтер бере алмайтынын айтты

Ота жасау барысында ішінде қайшы қалып қойған елорда тұрғыны шаһар басшысына кезексіз баспана беру мəселесін көтерді.

"2001 жылдан бастап үй кезегінде тұрмын, 6 ота жасалды, ішімде қалып қойған қайшының кесірі барлығы. Бармаған жер, баспаған тауым жоқ. Күні бүгінге дейін 14 мың пəленбайыншы кезекте тұрмын. Мен сияқты жанға кезексіз пəтер берілмей ме?", - деп егіле жылады тұрғын.

Алайда тұрғынның жанайқайына қала басшысының берген жауабы көңіл көншітерлік болмады.

"Кезексіз пəтер берілмейді, ол заңға қайшы əрекет. Тек денсаулық жағдайыңызға байланысты денсаулық сақтау басқармасы көмек көрсете алады немесе жатақхана бере аламыз. Бірақ олай заңды белшесінен бастап пəтер бере алмаймыз", - деп кесіп айтты əкім.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір