RU
Қазақстандық танымал кәсіпкер Вьетнамда марапатталды
Жаңалықтар Пресс-релизы

Қазақстандық танымал кәсіпкер Вьетнамда марапатталды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал кәсіпкер Оралбек Ботбай Вьетнам Үкіметінің жанындағы достастық ұйымдары бірлестігінің «Әлемдегі бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтудағы қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды деп хабарлайды http://vufo.org.vn.

Қазақстандық танымал кәсіпкер Вьетнамда марапатталды

Марапаттау рәсімінде сөз алған бірлестіктің вице-президенті Bui Khac Son екі елдің арасындағы тарихи және туысқандық байланыс жайлы айта келіп, былтыр ғана екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толғанын атап өтті. Экономикалық байланыстан бөлек, мәдени және әлеуметтік қатынастардың орны ерекше екеніне баса мән берді.

Қазақстандық танымал кәсіпкер Вьетнамда марапатталды

Оралбек Қожамжарұлының Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы достық саясатын жүргізудегі орны зор. Астанаға Елші болып тағайындалғаныма үш жылға жуықтады. Осыншама уақыт ішінде қаншама игі істерді атқарып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартумен айналыстық – деді шараға арнайы келген Төтенше және Өкілетті Елші Доан Тхи Суан Хиен. Сондай-ақ, марапаттау рәсіміне ВСР СІМ өкілдері мен достастық ұйымының Еуропа және Азия департаментінің директоры Pham Thi Thai қатысты.
Қазақстандық танымал кәсіпкер Вьетнамда марапатталды

Қазақстандық танымал кәсіпкер Вьетнамда марапатталды

Өз кезегінде сөз алған О.Ботбай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатының сәтті жүзеге асып отырғанын айтып, отандық кәсіпкерлердің сыртқы нарықты игеріп, ел экономикасына тың серпіліс әкелу қажет деді.

Айта кететін жайт, ол шара соңында Астанадан Вьетнам мәдени орталығын ашып, экономикасы күн санап ілгерілеп бара жатқан «Азия жолбарыстарының» бірі саналатын елдің тілін меңгеру үшін қазақстандық жастарға дәріс оқитын вьетнамдық тіл оқытушысының шығынын көтеруге әзір екенін мәлімдеді.

Қазақстандық танымал кәсіпкер Вьетнамда марапатталды

Сонымен қатар, мұнан өзге де түрлі іскерлік кездесулер ұйымдастырылып, отандық кәсіпкерлер мен вьетнамдық іскер топ бірлесе отырып, бизнес бастамаққа уағдаласты.

*PR құқында.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel