RU
Петропавлдық келіншек алапат өрт кезінде егіз баласымен қаза тапты
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлдық келіншек алапат өрт кезінде егіз баласымен қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Петропавлда жеке үйде өрт шығып, салдарынан анасы егіз балаларымен қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Петропавлда өрт кезінде анасы егіз балаларымен қаза тапты

Петропавлда өрт кезінде анасы егіз балаларымен қаза тапты

Қайғылы оқиға жайлы брифингте "СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары" басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Николай Белоусов мәлімдеген.

"Бүгін түнде Петропавлда қайғылы оқиға болды. Сағат 00.09 кезінде өрт сөндіру қызметіне Украинская, 177 мекенжайы бойынша жеке үйден өрт шыққаны туралы хабар келген, үйде балалар бар екен, ешкім де оларды алып шыға алмапты. Диспетчерлер оқиға орнына екі өрт сөндіру жасағын аттандыруға шешім қабылдады", — деп мәлімет берді Белоусов.

Өртке оранып, қалың түтін басқан үйде 20 минут бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп, 1977 жылы туған әйел адам мен 2013 жылы туған екі баласы – ер бала мен қыз бала табылды.

"Жедел жәрдем үшеуінің де көз жұмғанын хабарлады. Неден қаза болғаны сараптама барысында анықталады, бірақ бастапқы болжамға сәйкес түтінге тұншығып қалған сыңайлы", — деп мәлімет берді ТЖД өкілі.

Өрт 1 сағат 23 минутта сөндіріліп, 25 шаршы метрді қамтыған. Бастапқы себебі – электр желісінің қысқа тұйықталуы.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір