Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдық келіншек төрт баласы мен күйеуін тастап, басқаға тұрмысқа шығып кетті (фото)

Опубликовано:

Оралдық келіншек төрт баласы мен күйеуін тастап, басқаға тұрмысқа шыққан. Ол екі жылдан бері бір жарым жасар кенжесі мен басқа балаларын көруге келмеген деп хабарлайды "Мой Город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Мой Город
Фото: Мой Городфото): UGC

Әйелі тастап кеткен Ислам Айтмабетов төрт баласы мен анасын алып, жалдамалы үйде тұрып жатыр. Азамат жеке компанияға қарасты жерде күзетші болып жұмыс істейді. Аталмыш компания оның жалақысын баспана үшін басып қалады екен.

Фото: Мой Город
Фото: Мой Город: UGC

Исламның 14 және 7 жасар ұлдары мен 7 және 4 жасар қыздары бар. Екі жыл бұрын әйелі басқаға кетпес бұрын, олар да толыққанды отбасы болыпты.

"Әйелім нан пісіретін жерге жұмысқа тұрған. Сонымен бірнеше күн өткен соң жоғалып кетті. Біраз уақыттан кейін келіп, тұрмысқа шығатынын айтты. Содан кейін балалар анасын көрмеді. Ажырасу бойынша сот отырысында ол балаларды емес, өзінің сүіктісін таңдайтынын айтты. Енді ол тұрмыста, естуімше, тағы да бала туып алған", - дейді Ислам.

Фото: Мой Город
Фото: Мой Город: UGC

Әйелі кетіп қалған соң, Исламның балаларына қарауға оның анасы Самиға апа келіпті. Қария балаларды жуындырып, киіндіріп, тамақтарын дайындайды. Ол балаларын көрмей кеткен келінінің қатыгездігіне таңғалады.

"Менің күйеуім қайтыс болған соң балаларымды өзім өсірді. Енді бұл әйелдің тірлігін түсінбедім. Ең болмаса балаларын көруге келетін шығар десем, оған да келмеді. 8 наурызда, 22 наурызда, Жаңа жылда күттік, бірақ келмеді. Ол кеткенде Эмили бар болғаны бір жарым жасар еді", - дейді қария.

Фото: Мой Город
Фото: Мой Город): UGC

Самиға апа үй суық болғандықтан, балалардың жиі ауырып қала беретінін айтады.

Олар ауызсуды көршісінен сұрап ішеді. Ал балаларды ас бөлмесінде жуындырады екен.

Отағасы түнде күзетші, ал күндіз жихаз жасаушы болып жұмыс істейді. Алайда 70 мың теңге айлығы ешнәрсеге жетпейтін көрінеді.

"Өз үйіміз жоқ. 2014 жылдан бері кезекте тұрамын. Жақында кіші қызымның үстіне ыстық су төгіліп, күйіп қалды. Үйіміз өте тар", - дейді ол.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719294-oraldyk-kelinsek-trt-balasy-men-kjeuin-tastap-baskaga-trmyska-sygyp-ketti-foto/

pixel