RU
Араққа тойып алған дәрігер ауырып жатқан баланы емдемей қойды
Жаңалықтар Қоғам

Араққа тойып алған дәрігер ауырып жатқан баланы емдемей қойды

Рассказать Вконтакте

Орал қаласында балалар хоккей команда ойыншыларының ата-аналары спорт дәрігерін жұмыстан шығуын талап етуде деп хабарлайды Уральская неделяға сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: www.uralskweek.kz

Фото: www.uralskweek.kz

Олардың айтуынша командамен бірге Қазақстан чемпионат ойындарына барған дәрігер өз жұмысын дұрыс атқармай, науқастанып қалған балаға тиісті медициналық көмек көрсетпеген. Мұндай қадамға дәрігердің үнемі мас болып жүретіні итермелеген деп есептейді ата-аналар.

Балаларын Петропавл қаласына чемпионат ойындарына жіберген олар мәселенің осылайша күрделеніп кететінін ойламаған. Жауапкершіліктен жұрдай дәрігер чемпионат барысында ауырып қалған балаға медициналық көмек көрсетпейді. Мұны естіген ана дабыл қағып тиісті мекемелерге арыздарын жаудыруда.

Белгілі болғандай дәрігер Ерік Біргенов жарыс күндері қатты алкогольді мастану күйінде болған. Оған куәгерлер түсірген мына видеожазбалар дәлел.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
2
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір