Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік олигархтың немересі зообаққа арыстанның төлін сыйлады (фото)

Опубликовано:

Шымкенттік олигарх, еліміздің қалталы азаматтарының тізіміне енген Серікжан Сейтжановтың немересі Әміржан Сейтжанов Шымкент қалалық зоологиялық бағына арыстанның төлі абаданды сыйға тарту етті, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттік олигархтың немересі зообаққа жыртқыш аң сыйлады (фото)
Шымкенттік олигархтың немересі зообаққа жыртқыш аң сыйлады (фото): UGC
"Жыртқыш аңның лақап аты «Конор». 4 айлық абаданның денсаулығы жақсы. Жаңа орнына жайғасқан аң жанындағы басқа жыртқыштармен сəлемдескен секілді ырылдасып, ерлік жасады. Аңның құны туралы ешнәрсе айта алмаймын. Бізге тарту етілген сый болғандықтан құнын білмейміз", - дейді зообақ директорының көмекшісі Дастан Баширов.

Айта кетейік, Сейтжановтар әулеті оңтүстік жұртшылығы үшін өте танымал. Жуырда үйлену тойына құны бірнеше мың доллар тұратын торт алдыртып, бүкіл елді шулатқан да осы отбасы.

Зообаққа сыйлық жасаған азамат Әміржан Сейтжанов дәл осы үйлену тойда күйеу жігіт болған. Ол елімізге белгілі әрі сыйлы азаматтардың бірінің қызына үйленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719304-symkenttik-oligarhty-nemeresi-zoobakka-arystanny-tlin-syjlady-foto/

pixel