Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Тұрсынбаева "Қалаулымның" жабылатынын айтып, елден сүйінші сұрады (фото)

Опубликовано:

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева атышулы "Қалаулым" бағдарламасының жабылатынын айтып, сүйінші сұрады. Бұл хабарды ол өзінің Instagram парақшасына жеткізген деп хабарлайды NUR.KZ.

Айнұр Тұрсынбаева "Қалаулымның" жабылатынын айтып, елден сүйінші сұрады (фото)
Айнұр Тұрсынбаева "Қалаулымның" жабылатынын айтып, елден сүйінші сұрады (фото): UGC

Ол елге «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің ҚР Ақпарат және телекоммуникациялар министрлігіне жасаған ұсынысын көрсетті. Құжатта Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Қалаулым» бағдарламасы 2018 жылдың 25 сәуіріне дейін жабылатыны туралы жазылған.

«Мемлекеттік арналар ашып жатқан тележобалар көрші елдің ескірген телебағдарламаларының сәтсіз көшірмесі екендігін ескере отырып, соның бірі ұлттық мәдениетімізге нұқсан келтіретін «Қалаулым» бағдарламасын сараптамадан өткізіп, ары қарай жұмыс жасауына шектеу қою. Орындау мерзімі – 25 сәуір 2018 жыл», – делінген құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719305-ajnr-trsynbaeva-kalaulymny-zabylatynyn-ajtyp-elden-sjinsi-srady-foto/

pixel