RU
Оқушыны шапалақпен тартып жіберген шымкенттік мұғалімнің видеосы таралып жатыр (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Оқушыны шапалақпен тартып жіберген шымкенттік мұғалімнің видеосы таралып жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік мұғалім бастауыш сынып оқушысына сабақ кезінде қол көтерді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкенттік ата-ана Дәурен Айманбетов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қала мектептерінің бірінде орын алға жаға ұстатарлық видеоны бөлісті. Онда бастауыш сынып оқушысы артқы партада отырған сыныптасына қарап, әңгіме айтқаны сол ашуға булыққан мұғалім "Не әңгіме артыңа қарап, не әңгіме?" деп оқушының маңдайын салып қалады.

Видеоны бөліскен Дәурен Айманбетов қалалық білім бөлімі басшысынан мына жағдай прокуратураға кетпей жатып оқушыға қол көтерген мұғалім бұл әрекеті үшін бүкіл ата-анадан кешірім сұрасын деген талабын да қойды.

Шағымын желі арқылы жеткізген Айманбетов мырзамен хабарласқанымызда мектептегілер кешірім сұрап үлгергенін алға тартып, ол мектептерде оқушылардың смартфон ұстауға болмайды деген тыйым салынуына қарсы екенін жеткізді.

Айманбетов мырзаның айтуынша, мұғалімнің балаға қол көтерген оқиға Шымкенттегі №22 мектепте орын алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
27
8
6
2
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel